01
September
2021
Best ауыл мектебі атандық
Best ауыл мектебі атандық
Адам өміріндегі сарқылмас қазына ол-білім. Адам баласы барлық арман, мақсаттарына тек білім арқылы ғана жете алады. Бүгінде барлық білім беру мекемелері өз шәкірттерін құшақ жая қарсы алуға дайын. Бүгінгі оқушы- білім бәсекесіне төтеп бере алатын, санасы ашық, халқымыздың рухани адамгершілік құндылықтарын бойына сіңірген тұлға болуы керек.
Осы мақсатқа жету жолында Лицей ұжымы қажырлы еңбек етуде. Оның дәлелі өткен оқу жылының қорытындылары. Бір ғана UNT қорытындысы бойынша түлектеріміз 93/3 пайыз білім сапасын көрсетіп, мектеп бітірген 45 түлектің 33 түлегі мемлекеттік грант иегері атанды.
Кеше өткен облыстық Тамыз конференциясында лицейіміз облыс бойынша «ЕҢ ҮЗДІК АУЫЛ МЕКТЕБІ» номинациясы бойынша үздік деп танылып, облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың қолынан 1 000 000 млн тенгенің арнайы сертификатымен марапатталды.
Best атану жолында мектеп ұстаздарының еткен еңбегі орасан. Шәкірт жүрегіне орын таба білген барша ұстаздарымызға, оларға көмек қолын соза білген ата-аналар қауымына алғысымыз шексіз.
