Тілдер мерекесі
Юрий Гагарин атындағыорта мектебі
2017 оқу жылындағы
«Қазақстан халқы тілдер күніне»
арналған іс –шаралар туралы мәлімет
Қазақстан Республикасы Конституциясы 7,93 баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына,Қазақстан Республикасы президентінің «Мемлекеттік бағдарламасының тізбесін бекіту туралы »2010 жылғы 19 наурыз №957 жарлығына сәйкес және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2017 2018 оқу жылына арналған іс шара жоспарын негізге ала отырып мектеп ішілік «Қазақстан халқы тілдер күні» мерекесіне арналған апталық өткізілді және жоспар жасалып бекітілді. Жоспарға сәйкес қыркүйек айының 18 нен бастап 26 қыркүйекке дейін апталық өткізілді.
18 қыркүйектен бастап әр сынып кабинет меңгерушілері сыныптарында бұрыштар жасалды.Апталықтың ашылуы 18 күні «Тіл - халық жанын танудың кілті» тақырыпта мәнерлеп оқу сайысы өткізілді осы сайысқа 2-5 сынып оқушылары қатыстырылды. «Тілге құрмет – елге құрмет» атты тіл танымдылық ойын сабағы өткізілді аталған іс шара 8 Г сынып оқушыларымен қазақ тілімен әдебиет пәнінің мұғалімі Д.Танаева өткізді. «Язык живая душа народа» тақырыбы бойынша 7 А сыныбы ұйымдастыруымен мерекелік кеш өткізілді оған мектептің 5-7 сынып оқушылары қатысып өзге елдердің тілдерімен салт дәстүрлерін көрсетіп келген қонақтардың қошеметіне бөленді. «Тілім барда тірімін мен мәңгілік» атты сайыс сабағы 6 В сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып өткізілді. «Live and learn» тақырыбы бойынша ағылшын пән мұғалімдері мерекелік кешпен ертегілер көрінсін ұсынды.Аталған іс –шара 1-9 сынып оқушылары қатыстырылып бақтарын сынап білімдерін көрсетті. «Я рождена из пены » тақырыбы бойынша орыс тілі пән мұғалімдері мерекелік кеш өткізді осыған 7-10 сынып оқушы ән байқау өткізді «Туған тілім – тірлігімнің айғағы» тақырыбы бойынша сынып сағаттары өткізілді.