ҚАМҚОРШЫ КЕНЕСІНІҢ ЕСЕБІ 2018
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Аса ауылы,
Юрий Гагарин атындағы мектеп - лицейінің директоры Джигитекова Салтанат Рахметханқызының 2018 оқу жылының қамқоршы кеңесіне жылдық есебі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 шілдедегі № 355 бұйрығы Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 29 тамызда № 15584 болып тіркелді Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9-тармағына сәйкес Юрий Гагарин мектеп-лицейде жүйелі жұмыстар атқарылуда. Білім беру ұйымдарында қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидалары
Қамқорлық кеңес жұмысының мақсаты: біріңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу. Жыл бойында қарастырылатын мәселелер мемлекеттің тәрбие беру іс – шарасына бірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру мектеп пен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан қорғау.
Board of Trusteesі жұмысының бағыттары
<!-- [if !supportLists] --> • <!-- [endif] --> Білім беру ұйымының білім беру, әлеуметтік-мәдени, сауықтыру, дамыту бағыттарындағы іс шараларды ұйымдастыруға көмек көрсету.
<!-- [if !supportLists] --> • <!-- [endif] --> Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылардың тұрмыстық жағдайлары мен жұмыспен қамтылуын жақсарту.
<!-- [if !supportLists] --> • <!-- [endif] --> Білім беру ұйымының қызметіндегі кемшіліктерді жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу
<!-- [if !supportLists] --> • <!-- [endif] --> Білім беру ұйымы басшылығының қамқоршылық кеңесі алдындағы есебін тыңдап - қабылдау.
14.01.2018 жылғы мектепте қамқорлық кеңес жұмысы жалғастырылып, материалдық көмекке мұқтаж балаларды анықтау жұмысы жүргізілді.
<!-- [if !supportLists] --> I. <!-- [endif] --> 2017 оқу жылында кеңестің отырысы өтті. Кеңес мүшелері кешен бракираж комитетімен асханада айына бір рет рейдке қатысып, оқушыларды тамақтандыру және асхана жұмысының сапасын анықтады. 2018 қыркүйек айынан бастап жалпы мектепте 960 оқушы оқыса, соның ішінде әлеуметтік жағдайы төмен, жартылай жетім, патронаттағы балалар және көп балалы отбасыдан шыққан оқушылар ішінен мемлекеттік есептен 75 бала бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтылса, бірінші сыныпта оқитын 130 оқушы 100 пайыз ыстық тамақпен қамтылуда. Демеушілік есебінен мектеп асханасын жалға алушы А.Асильбаева 13 баланы оқу жылы аяғына дейін тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуді мойнына алды. Биылғы оқу жылына 469200 т 166 дана бокал, 135 дана бірінші тамақ , 135 дана екінші тамақ ішетін ыдыс аяқ алынды. 76600 т мектеп асханасына тамақ әзірлейтін ыдыс аяқ алынды.
<!--
[if !supportLists]
-->
II.
<!--
[endif]
-->
Жамбыл ауданы әкімдігінің 26 шілде 2018 жылғы №268
бұйрығы, Юрий Гагарин мектеп-лицейінің 01 тамыз 2018 жылғы №213 бұйрығына
сәйкес «Мектепке жол» дәстүрлі жалпы республикалық қайырымдылық акциясына
жоспар құрылып, ұйымдастыру жұмыстары жүргізілді. Акция мақсаты:
оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы
отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына
дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау
көрсету және әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте мектепке балалардың
келмеуінің алдын алу.
2018 жылғы 1 тамыздан бастап рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылуда. Оның
ішінде тұрмысы қолайсыз отбасылар,
пәтерлер тексеру шараларым ұйымдастырылды. Акция кезінде аз қамтылған отбасылардың,
көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім балалар қамтылды.
Мектепте аз қамтылған отбасылардан шыққан 7 балаға, 3 қамқорлыққа алынған
балаға жаппай оқу қорынан материалдық көмек, мектепке қажетті құрал - жабдықтар
және мектеп формасы берілді. Жалпы 49500 теңгені құрады. Мектепте «Балаға мейірім сыйла» атты қайырымдылық бұрыш жасалды. Акция
кезінде аз қамтылған отбасылардың, көпбалалы отбасылардың балалары, сондай-ақ
жетім балалар қамтылды.
<!-- [if !supportLists] --> III. <!-- [endif] --> Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі 20.12.2017 жылғы №01-4468 шығыс хатын негізге ала отырып «Жаңа 2018 жыл » мерекесі қарсанында,ата-ана қамқорлығынан айырылған,аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдау мақсатында «Тілектер шыршасы»акциясын 2017 жылы 20-30 желтоқсан арасында өткізу жоспарланған,аталған акция барысында Юрий Гагарин атындағы орта мектебінде өткізілді.Акция барысында демеушілік жасаған кәсіпкер Жамбыл ауданы ардагерлер кенесінің мүшесі Күзербайев Сәрсембай Мейірханұлы мен Сыпатаев Серік аталған азаматтар мектепте оқитын ата-ана қамқорлығынан айырылған,аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шыққан балаларды әлеуметтік қолдауды қажет еттін оқушыларға жаңа жылдық сыйлықтармен киім кешектер берді.Осы орайда мектеп директоры С.Джигитекованын ұйымдастырумен жаңа жыл қарсаңында үйде оқитын оқушылармен ата-ана қамқорлығынан айырылған және инклюзивті білім алатын оқушылардың үйіне барып кәсіпкерлердің берген сыйлықтары табысталды. Ата-ана қамқорлығынан айырылған оқушылар: Үмбетов Сұңқар, Үмбетова Ария,Швам Милана,Сорокоумов Евгений ,Коригов Ислам,Коригова Камила,Тюриков Дмитрий,Павлихина Жасмин.Павлихин Валерий,Батырбаева Айдана,Батырбаев Бибіттерге сыйлықтармен киімдер берілді.Денсаулығына байланысты үйден білім алатын оқушылар:Шандулов Кумаш,Жанұзақ Ақерке,Сәрсембиев Руслан,Билебай Ерасыл аталған оқушылармен қатар инклюзивті білім алатын оқушы Билібай Дастан жана жылдық сыйлықтармен қатар киім кешектер берілді.Мектеп директоры С. Джигитекова және мектептің әлеуметтік педагогы Сәрсембай Бақтөре мен мектептің мұғалімдері Үсіпбаев Нұрбол және Әуезова Нұргүл оқушылардың «Тілектер шыршасы»акциясын барысында аяз ата мен ақшақар ретінде киініп оқушыларды құттықтап сыйлықтар табыстады.
<!-- [if !supportLists] --> IV. <!-- [endif] --> Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 28 қыркүйек айында мектепішілік 2-10 сыныптар арасында «Күз - мереке ,Күз - береке» тақырыбында жәрмеңке өткізілді. Осыған орай «Күз - мереке, Күз - береке» жәрмеңке кезінде мектеп оқушылары өз үйлерінен әкелінген азық түліктерін саудаға шығарып және өзге оқушыларға сатылды. Негізгі мақсаты жиналған қаржыға мектептің әлеуметтік жағдайы төмен көпбалалы аз қамтылған от басынан шыққан оқушыларға киім кешек ретінде көмектесу мақсатында жұмсалады. «Күз - мереке ,Күз - береке» жәрмеңкеде жиналған қаражаттар суммасы 74545 теңге жиналды. Мектепішілік комиссия мүшелері бекітіліп, жиналған қаражат бойынша әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан оқушыларға мектеп сумкасы және мектепке қажетті құралдарға жұмсалды. Осы жұмысқа орай хаттама толтырылып комиссия мүшелері растады.
<!-- [if !supportLists] --> V. <!-- [endif] --> Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейі әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылармен қаттар мектептің үздік оқушылары және қоғамды жұмыстарда белсенділік танытып жүрген оқушыларды Қазақстан Республикасының The presidentі Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » атты бағдарламасы аясында «Туған өлкеме тағзым » атты бір күндік экскурсия ұйымдастырылды. Аталмыш экскурсияның мақсаты оқушыларға тарихи орындармен киелі орындарды аралатып таныстыру болатын.Осыған орай мектептің оқушыларымен қатар тарих пәнінің мұғалімі Н.Шеримов,мектеп әлеуметтік педагогы Б.Сәрсембай,мектеп тәлімгері Е.Жуандықова, дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері А.Қилыбаев Б.Жананбаевпен технология пәні мұғалімі Ж.Қалиев оқушылардың барып келуімен түсіндіру жұмыстары жүргізілді .Аталған экскурсияны басшылық жасап директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Ажибаев басшылықты жасады ,экскурсияға мектептің 7-10 сынып оқушылары қамтылды. 75 оқушы Тараз қаласындағы киелі орындармен облыстық мұражайларды көрді. Қарахан, Айша бибі,Тектұрмас,облыстық мұражай, Төрт күл мұражайымен қатар Көне Тараз ашық аспан астындағы мұражайларды оқушылар аралады. The presidentі Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру » атты бағдарламасы аясында«Туған өлкеме тағзым » атты экскурсия барысында оқушылар туған өлкеміздегі тарихи жерледі көріп көптеген мағлұматтар бойына сіңірді . Аталған экскурсияны Жастар ресурстық орталығы және жеке кәсіпкерлердің есебінен жүзеге асты.
<!-- [if !supportLists] --> VI. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 13 сәуірдегі №198 бұйрығын негізге ала отырып Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылдың 24 сәуірдегі № 258 бұйрығын негізінде Юрий Гагарин атындағы орта мектебінде 1 маусымнан 10 маусым аралығында мектеп оқушыларына жазғы сауықтыру лагері құрылды. Юрий Гагарин атындағы орта мектебінде оқу жылының басында 871 оқушы құраса соның ішінде 1-10 сынып оқушылар 843 оқушы .мемлекет есебінен 72 оқушы ыстық тамақ пен қамтылады,85 оқушы демеушілік есебінен ,қала маңындағы лагерге 13 оқушы ,еңбек лагеріне 97 оқушы,Оқушылардың жазғы демалысын,сауықтырылуын және еңбекпен қамтылуын ұйымдастыру бойынша іс –шара жоспары жасалып бекітілді.Мектеп жанындағы жазғы лагерге тегін ыстық тамақпен қамтылатын оқушылар саны 157 оқушы бір мезгіл ыстық тамақпен қамтылады.Аталған оқушылардың ішінде мемлекет есебінен 72 оқушыға азық түлік қарастырылған,демеушілер есебінен 85 оқушы ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі жалпы 157 оқушы бір мезгіл ыстық тамақ пен қамтылады.Мектеп жанындағы ашылған «Балдәурен » жазғы лагерінің басшысы болып мектеп тәлімгері Е.Жуандықова бұйрықпен бекітілді , 8 топ құрылып әр топта 20 оқушыдан, 157 оқушыны мектеп жанындағы жазғы сауықтыру лагеріне қамтылады. Қала маңындағы лагерге ауданнан 300 оқушыға жолдама берілсе , Юрий Гагарин атындағы орта мектебіне 13 оқушыға қала маңындағы лагерге жолдама берілді. Аталған оқушылар қала маңындағы лагерге бару үшін мына жағдайлар назарға ұсталады .Оқушылардың әлеуметтік жағдайларға байланысты қала маңындағы жазғы лагерге жіберіледі: тұл жетім жартылай жетім ,патронаттағы отбасындағы бала 5 балаға,мүмкіндігі шектеулі отбасынан шыққан 1 балаға,аз қамтылған отбасынан шыққан 4 балаға,көп балалы отбасынан шыққан 2 балаға ,үздік оқушыға 1 жолдама қарастырылған.Еңбек лагеріне қамтыла тың оқушылар ,көгеріштендіруге 5 оқушы , жөндеу бригадасына 2 оқушы , аула клубына 20 оқушы, спорттық шараға 9 оқушы, компьютерлікке 4 оқушы , тіл үйірмесіне 30 оқушы, дебаттық үйірме 6 оқушы, Жас Ұлан ұйымының мүшелерінен 21 оқушы жалпы еңбек лагеріне 97 оқушы қамтылған.
<!-- [if !supportLists] --> VII. <!-- [endif] --> 2018 оқу жылы мектеп ішінде безендіру мақсатында күзгі жәрмеңкеден түскен қаражатқа 3 стенд мектеп асханасының алдына жасалды және мектеп акт залының орындықтарының матасын ескіруіне байланысты «Нұршуақ» мектеп формасы дүкенінің директоры, жеке кәсіпкер өз демеушілігімен мектептің акт залының орындықтарына 140 метр матасына демеушілік етті. Мектеп мұғалімдерінің көмегімен ауыстырылды.
<!-- [if !supportLists] --> VIII. <!-- [endif] --> Жуырда 2018 жылдың қыркүйек айында Тараз қаласындағы «Төрт-көл» тарихи орнына 60 оқушыны «Айналайын» қоғамдық бірлестік ұйымының демеушілігімен оқушыларды бір күндік саяхат және шетел туристерімен бірге қазақтың ұлттық дәстүрі мен көне байлықтарымен танысты.
<!-- [if !supportLists] --> IX. <!-- [endif] --> Жамбыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 21 маусымдағы №423 бұйрығымен Юрий Гагарин атындағы орта мектебінің атауына өзгерістер еңгізіліп «Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейі» болып атауы ауыстырылды. Мектеп Жарғысын қайта тіркеуден өткізіп,білім беру лицензиясы алынды.5 қыркүйек 2018 жылдың есебіне сәйкес мектепте 1-11 сынып аралығында 960 оқушы, мектеп алды даярлық сыныбында-112, барлығы -1072 оқушы білім алуда.Мектеп жанында ашылған «Бәйшешек» шағын орталығында 26 бала тәрбиеленуде.Былтырғы 2017-2018 оқу жылын 875 оқушы, мектепалды даярлық сыныбын-103 оқушы аяқтады. Best оқушы саны- 184,екпенді-402,білім сапасы -67% қурады. Алдыңғы жылмен салыстырғанда білім сапамыз 3,8 % көтерілген. 2017-2018 оқу жылында 29 оқушы 11 сыныпты бітіріп, 1 оқушы «Алтын белгі» иегері болып,3 оқушы «Ерекше үлгідегі» аттестат иеленді.29 түлектің 21і UNT-ге қатысып , орташа балы 111,6, білім сапасы 80% көрсетті.Алдынғы жылымен салыстырғанда білім сапасы 7,3 % өскен. «Алтын белгі», «Ерекше үлгідегі» аттестат иегерлері жоғары балл жинап өз білімдерін дәлелдеді Олар: Нурланқызы Динара -133балл, Сартаева Жанерке-127 балл, Жиенқұл Салима-127 балл, Бакытжан Зульфия-120 балл. 21 түлектің 20-сы грант иегерлері болып жоғарғы оқу орындарына түсті. 2018-2019 оқу жылында 96 муғалім жұмыс жасауда. Оның 15 жоғарғы санатты, 33 бірінші санатта,сапалық құрамы 50% құрайды.
<!-- [if !supportLists] --> X. <!-- [endif] --> Рухани байлығымыз- кітапқа деген қызығушылығын арттыру,кітаптың ұлы қасиетін бағалап, сырқылмас білім бұлағын оқушыларға үйрету мақсатында үлкен үзілісте «Time Reading» уақытын өткізу биылғы жылдан бастадық. Мектеп кітапханасының қорында 30510 дана кітап бар. Оның ішінде;4605-көркем әдебиеті кітаптары, 18629 - оқулықтар, 71-электронды оқулықтар.Оқушыларды оқулықпен қамту мәселесі 100% орындалды.
<!-- [if !supportLists] --> XI. <!-- [endif] --> 2018-2019 оқу жылында педагогтар саны-96 .Білімі жоғары-92, орта арнаулы-4. Оның жоғары санатты-15, бірінші санатты-32,екінші санатты-20, санаты жоқ-10 (сапалық құрамы 49% құрайды.),педагог-модератор-5, педагог-зерттеуші-3. Деңгейлік бағдарлама бойынша білімін жетілдірген -14 педагог .»Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері-1.ҚР Білім және ғылым министрінің құрмет грамотасы-1,ҚР Білім және ғылым министрінің алғыс хаты-2.
Республикалық ғылыми жобаға қатысып, оқушысы Ланкин Владислав 1 орын иеленген қазақ тілі пәнінің муғалімі Оңласын Кәмшат Оңласынқызы ауданда «Best ұстаз» атағына ие болды, математика пәнінің муғалімі Садыков Орал Амантайұлы «Best муғалім» номинациясымен, тарих пәні муғалімі Ермаханов Бекжан Ермаханұлы облыстытық білім басқармасының құрмет грамотасымен марапатталды.
Бийылғы оқу жылында мектеп «Күнделік» жобасына еңгізіліп, қағазды журналдар мен күнделіктерді толтырудан бас тарттық. Мектеп базасында ІТсыныбы, Робототехника кабинеттері ашылып, оқушылардың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында жұмыстар жүргізулүде.
Қамқоршы кеңесіне 2018-2019 оқу жылына мынадай атқаратын жоспарларды ұсынады.
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> Мектептің 50 жыл толуына орай мектепке «Түлектер аллеясын» салу жоспарлануда.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Мектеп ауласын көгалдандыру мақсатында судың тапшы болуына байланысты мектеп ауласындағы ағаштардың өспеуі байқалуда. Осыған орай мектеп ауласына су құбырларын мен қамтамасыз ету.
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Мектепке келетін оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Мырхалық the outsideндегі түнгі уақыттағы жарық көздерімен қамтамасыз ету.