13
October
2017
Ардегерлермен кездесу
Юрий Гагарин атындағы орта мектебінде 9-10 сынып
оқушыларымен Жастар орталығының ұйымдастыруымен қатар ардагерлермен кездесу
өтті,аталған іс – шараға Жамбыл облысы Ардагерлер кеңесінің жастармен
жұмыс тұрақты комиссия төрағасы,Ауған
соғысы ардагер одағының төрағасы,қоғам белсендісі Қазақстан Республикасының «Құрмет
орденінің игері» Дүкенбай Сайлаубекұлы Ермеков ,Ауған соғысының ардагері,білім
саласының зейнеткері,авияция Mayоры Саймасаев Орынбасар,Жамбыл ауданы
ардагерлер кеңесінің төрағасының орынбасары Садыралиев Әзіреталы,Жамбыл ауданы
ардагерлер кеңесінің мүшесі Ережепов Сайлаубек,Жамбыл аудандық ардагерлер
кеңесінің төрағасы Жапаров Рахым аталған іс – шараға қатысты .Бұл іс –шара «Ұлы
Жеңіс Ұрпаққа аманат» атты Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты және рдегер
кеңесінің ұйымдастыруымен облыс әкімінің орынбасары Манжуковтың тікелей
қолдауымен өткізіліп жатқан іс –шараға
Жамбыл ауданы Аса ауылы Юрий Гагарин атындағы орта мектебінде қолдауын тапты
осы іс – шараға мектептің 9-10 сынып оқушылары қатыстырылды.Аталған іс –шара «Ұлы
Жеңіс Ұрпаққа аманат» тақырыбы бойынша келген қонақтар сөз сөйлеп оқушылардың
бойына патриоттық тәрбиеге баулап отан үшін қызмет етуге шақырды.Аталған іс
–шара барысында алғашқы әскери пәнің мұғалімі П Алиевпен директордың құқықтық
тәрбие орынбасары Саурықов Айтбек марапатталды.Іс –шара соңында мектеп
директоры С.Джигитекова келген
қонақтарға алғысын айтып табыс тіледі.