08
ноябрь
2019
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі, Жамбыл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 04.11.2019 жылғы 379 шығыс хатына сәйкес латын қарпінде жазу дағдыларын қалыптастыру мақсатында 8 қараша күні сағат 10:00-де жаппай облыс көлемінде бір мезгілде "Жаңа қазақ әліпбиі-рухани жаңғырудың бастауы" атты жаппай диктант жазу акциясы Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде де, белсенді түрде өтілді. Мұғалімдер мен 9,10,11 сынып оқушылары бір мезгілде жаппай "Томирис" тарихи фильмі тақырыбында диктантты техникалық құралдың дыбысталуына сүйене отырып, барлық талаптардың сақталуымен жазып шықты. 