Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде 2021-2022 оқу жылындағы 9,11-сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары басталды. » Сш им Гагарина
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде 2021-2022 оқу жылындағы 9,11-сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары басталды.
28
май
2022

Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде 2021-2022 оқу жылындағы 9,11-сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары басталды.

Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде 2021-2022 оқу жылындағы 9,11-сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары басталды.     Қорытынды аттестаттауға МЖМБС талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9, 11- сыныптардың білім алушылары жіберіледі.
       Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында (бұдан әрі - МЖМБС) қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.
Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі
     Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;
2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.
      Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.
       9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай
нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілі тілінде білім беретін мектептер үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша эссе нысанында жазбаша емтихан-28 мамыр 2022жыл;
2) математикадан (алгебрадан) жазбаша емтихан-31 мамыр 2022жыл;
3) орыс тілінде оқытатын сыныптардағы қазақ тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан және қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс
тілі мен әдебиеті бойынша жазбаша емтихан-3 маусым 2022жыл;
4) таңдау пәні (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет (оқыту тілі бойынша), шет тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) бойынша жазбаша емтихан-6маусым 2022 жыл.
      Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11(12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
       11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
1) қазақ/орыс тілінде білім беретін мектептер/сыныптар үшін ана тілі (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан-30 мамыр 2022жыл;
2) алгебра және анализ бастамаларынан жазбаша емтихан-27 мамыр 2022жыл;
3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан-2 маусым 2022жыл;
4) орыс сыныптарда қазақ тілі мен әдебиетінен және қазақ тілінде оқытатын сыныптарда орыс тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан-7 маусым 2022жыл;
5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия,
дүниежүзі тарихы, құқық негіздері, әдебиет, шетел тілі (ағылшын/ француз/неміс), информатика) жазбаша емтихан-10 маусым 2022жыл.
      Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бөлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі. 
       Түлектерімізге сәттілік!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив