01
июнь
2022
1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде мерекелік іс- шара қызықты ұйымдастырылды.
1-ші маусым Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде мерекелік іс- шара қызықты ұйымдастырылды. Ел Президенті Қысым Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың биылғы жылды "Балалар жылы" деп белгілегені баршамызға аян. Елімізде балаларымыздың жарқын болашағы жолында түрлі игі шаралар жүргізіліп жалғасын табуда. Сонымен қатар 1-10 маусым аралығындағы "Балдәурен" жазғы сауықтыру лагерінің ашылуын Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жамбыл ауданының білім бөлімінің басшысының міндетін уақытша атқарушы Қуаныш Бақытұлы балаларды мерекелерімен құттықтап,тілек білдіріп,ашылу сөз сөйледі. Бүгінгі сауықтыру лагеріне келуші оқушыларымызды құттықтау үшін сөз кезегі мектеп директоры Бегманова Дәметкен Әбілекқызына берілді. Лагерьдің ұйымдастыру жұмыстарын аралап шықты. Лагерьге 350 бала қамтылуы керек еді, балалар мерекесіне орай бала саны 400ге жетті. Қуаныш Бақытұлы 100 және Мектеп ұстаздарының демеушілігімен 300 балмұздақ таратылды.