02
сентябрь
2019
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
Қымбатты ұстаздар, ата – аналар, оқушылар!
Сіздерді 1 – қыркүйек білім күнімен, дәстүрлі жаңа оқу жылының басталу салтанатымен құттықтаймыз! Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.
Осы ретте 1 – қыркүйек – білім күні мерекесіне орай Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімі «Юрий Гагарин атындағы мектеп ¬¬– лицейі» КММ-де дәстүрлі іс – шара ұйымдастырылды. Іс – шара барысында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы сөз алып – «Қымбатты ұстаздар, сіздерге тәуелсіз еліміздің болашақ иесі жас ұрпақтың бойында тұлғалық қасиеттерді ұштап, кәсіби шеберліктеріңізді одан әрі шыңдап, білім сапасын арттырудағы игі бастамаларыңызға педагогикалық ізденіс, жаңа серпін, шығармашылық табыс тілеймін» – деп тілек білдірді.
Келесі сөз кезегін мектебіміздің директоры Д.Ә.Бегманова алып – «Ел ертеңгі, ел болашағы – шәкірттер, қиялдарың ұшқыр болсын. Қанаттарың талмасын жаңа оқу жылы толағай табыстарға толы болсын» – деген игі тілегін білдірді.
Салтанатты жиындағы құттықтау сөзді білім бөлімінің сектор меңгерушісі Қасымова Динара Маратқызы жалғастырып бүлдіршіндерімізге ақ жол тіледі.
Мектеп табалдырығын алғаш аттаған жас өрендерімізге арналған іс – шара сыңғырлаған алғашқы қоңырау үнімен ұласып мерекелік көңіл күй сыйлады.