09
October
2019
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
Қазанның алғашқы апталары Ұстаздар қауымы үшін үлкен мереке .Осы айтулы мерекеге орай қазанның 2-сі күні мектебімізде тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен ардагер ұстаздарға арналған "Ұстаздарға мың алғыс" атты мерекелік кеш болып өтті. Кешке мектебімізде шәкірттерге білім беріп тәрбиелеген , қазіргі таңда зейнеткерлікке шығып бейнеттің зейнетін көріп отырған ұстаздарымыз қонаққа келді. Кешіміздің шымылдығын мектебіміздің директоры Д.Ә.Бегманова құттықтау сөзбен ашып берді. Кешіміз әрі қарай ұстаздарға арналған әсем әнмен., күмбірлеген күймен, мыңбұралған бимен жалғасын тапты.Кеш соңында ұстаздар өздерінің жүрек жарды тілектерін айтты