12
September
2018
Алғашқы қоңырау
Қазақстан
Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2018 жылғы 5 шілдедегі жылғы №322 бұйрығына және облыстық білім
басқармасының 8 тамыздағы №507 бұйрығына сәйкес 1 қыркүйек – «Білім күні» орай
облысты4 білім беру ұйымдарында «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие
жүйесінің рөлі!» тақырыбында өткізілді. 1 қыркүйек білім күніне орай салтанатты
жиын мектеп ішілік салтанатты жиын сағат 9:00 де
салтанатты түрде ашылды осы іс-шараға Аса ауылдық округінің әкімі
Б.Қалшымбетов,Жамбыл ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі Д.Қасымова мектеп
директоры С.Джигитекова қонақтар ретінде қатыстырылды.1 қыркүйек білім күніне
мектеп оқушыларымен және ұстаздар ата-аналар қатысты.Жиын басы 1 сынып оқушылары сынып жетекшісімен ортаға
шығарылып келген қонақтармен таныстырылды. Іс-шара барысында көк туымыз биікке самғап әнұранымыз орындалды. Аталмыш
іс - шараға құрметті қонақ ретінде келген Б.Қалшымбетов сөз сөйлеп Білім
күнімен оқушыларды және ұстаздарды құттықтады.Келесі сөз кезегі Мектеп
директоры С.Джигитековаға берілді осы орайда мектеп директоры 1 қыркүйек білім
күнімен құттықтай отырып алғаш мектеп табалдырығын аттағалы от қан 1 сынып
оқушыларында құттықтай кетті.Жиын әсем әндермен мың бұралған бишілердің
орындауындағы билерді келген қонақтармен
ата-аналар тамашалады.Атап айтар болсақ 9 «Ә» сынып оқушысы А Бекқожаева орындауында «Ұстазым» әнін орындады. 11 сынып
оқушылары 1 сыныптың оқушысына сиялықтар табыстады.Күптен күткен сыңғырлаған
қоңырауда соғылды 11 «Б» сынып оқушысы Сейтхан Алдияр мен 1 «В» сынып
оқушысы Рахымбек Жания көмегімен алғашқы
қоңырау соғылып оқушылардың және ұстаздардың ата-аналардың қошеметіне
бөленді.Жиын сағат 10 да аяқталды. 1 сыныпқа келген оқушылар мектеп ауласына
ағаш егу рәсімі өткізілді.