23
January
2020
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің кітапханашыларының ұйымдастыруымен поэзия падишасы-Фариза Оңғарсынованың 80жасқа толуына орай"Жауһар жырды жүрегінде тербеген"атты әдеби- сазды кеші өткізілді. Мақсаты: оқушыларды қазақтың ақын қызы Фариза Оңғарсынованың өмір жолдарымен таныстыру, өлеңдерін мәнерлеп оқуға дағдыландыру, ақынның өлеңдері арқылы халқын сүюге, туған жерін қадірлей білуге,адал,шыншыл болуға тәрбиелеу. Бұл іс-шараға 8-10 сынып оқушылары қатысты.Мектеп директоры Бегманова Дәметкен Әбілекқызы кешімізді қорытындылады.

