PIRLS (IEA) халықаралық зерттеуі » Сш им Гагарина
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » PIRLS (IEA) халықаралық зерттеуі
18
October
2021

PIRLS (IEA) халықаралық зерттеуі

PIRLS (IEA) халықаралық зерттеуі―түрлі елдердегі бастауыш сынып оқушыларының мәтінді оқу және түсіну деңгейі мен сапасын салыстыруға, сонымен қатар, ұлттық білім беру жүйелеріндегі айырмашылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. 
 Зерттеу келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың тиімділігін салыстырмалы бағалау;
- зерттеу қорытындыларына әсер ететін факторларды анықтау;
- әлемдік қауымдастық мақұлдаған ғылыми-негізделген ақпараттық мәліметтерді алу;
- зерттеу қатысушыларына білім беру саясатын жақсарту бойынша ұсыныстар беру.
      Бастауыш сыныптың төртінші оқу жылы - балалар дамуының негізгі кезеңі болып есептеледі. Осы жаста оқушылардың оқу дағдысы олардың ары қарай білім алуының маңызды құралына айналуы тиіс. Сондықтан бұл зерттеуде төртінші сыныпты аяқтап жатқан оқушылардың білімі тексеріледі.
 2021-2022 жаңа оқу жылының қазанның он сегізі күні Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде «PIRLS-2021»  халықаралық зерттеуіне 5-орыс сыныбынан 19 оқушы, 5-қазақ сыныбынан  25 оқушы қатысты, атап айтқанда, өз білімдерін сарапқа салды.   
Халықаралық зерттеу жұмысы барысында  бағдарламасы құрылып, нақты уақыттары бекітілді. Оқушылар мәтін бойынша оқу сауаттылығын анықтайтын тест тапсырмаларын орындаса, ата-аналар мен әкімшілік мүшелері,  білім алушылар өздеріне арналған сауалнаманы толтырды. Тізімге ілінген оқушылар түгел қатысты. Оқушылардың жүйелі түрде дайындалғаны, жабық және ашық сұрақтарға толық жауап беруге машықтанғаны байқалды. Берілген уақытын әр оқушы тиімді пайдалана отырып, тест тапсырмаларының жауабын белгілеп шықты. 
Іс-шараның соңында келген қонақтар ұлттық үйлестіруші мен облыстық үйлестірушілер сөз сөйлеп, халықаралық зерттеуге қатысқан 5-сыныптың білім алушыларына арнайы сертификаттар тапсырды.  
Білектің емес, білімнің күші маңызды заманда өскелең ұрпағымыздың білімді болуын тілейміз!
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив