Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Дайрабекова Айман Назарқызы мен Үкібаева Гүлайна Сабырханқызының ұйымдастырумен "Үш бәйтерек, үш діңгек-Ілияс, Сәкен, Бейімбет" тақырыбында 5-7 сыныптар арасында үлкен іс-шара өткізді. Мақсаты: жасөспірімдерді "Үш бәйтерегіміздің" өмірбаяны мен шығармашылықтарымен таныстыру, көзі ашық, көкірегі ояу адамзат болуға тәрбиелеу, өз Отанын құрметтеуге, мәнерлеп оқуға баулу. XX ғасыр басындағы ақыл ойы, көрер көзі, қайтпас