Алғашқы қоңырау
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 2018 жылғы 5 шілдедегі жылғы №322 бұйрығына және облыстық білім басқармасының 8 тамыздағы №507 бұйрығына сәйкес 1 қыркүйек – «Білім күні» орай облысты4 білім беру ұйымдарында «Адам капиталын дамыту факторындағы тәрбие жүйесінің рөлі!» тақырыбында өткізілді. 1 қыркүйек білім күніне орай салтанатты жиын мектеп ішілік салтанатты жиын сағат 9:00 де салтанатты түрде ашылды осы іс-шараға Аса ауылдық округінің әкімі Б.Қалшымбетов,Жамбыл ауданы білім бөлімінің сектор меңгерушісі Д.Қасымова мектеп директоры С.Джигитекова қонақтар ретінде қатыстырылды.1 қыркүйек білім күніне мектеп оқушыларымен және ұстаздар ата-аналар қатысты.Жиын басы 1 сынып оқушылары сынып жетекшісімен ортаға шығарылып келген қонақтармен таныстырылды. Іс-шара барысында көк туымыз биікке самғап әнұранымыз орындалды. Аталмыш іс - шараға құрметті қонақ ретінде келген Б.Қалшымбетов сөз сөйлеп Білім күнімен оқушыларды және ұстаздарды құттықтады.Келесі сөз кезегі Мектеп директоры С.Джигитековаға берілді осы орайда мектеп директоры 1 қыркүйек білім күнімен құттықтай отырып алғаш мектеп табалдырығын аттағалы от қан 1 сынып оқушыларында құттықтай кетті.Жиын әсем әндермен мың бұралған бишілердің орындауындағы билерді келген қонақтармен ата-аналар тамашалады.Атап айтар болсақ 9 «Ә» сынып оқушысы А Бекқожаева орындауында «Ұстазым» әнін орындады. 11 сынып оқушылары 1 сыныптың оқушысына сиялықтар табыстады.Күптен күткен сыңғырлаған қоңырауда соғылды 11 «Б» сынып оқушысы Сейтхан Алдияр мен 1 «В» сынып оқушысы Рахымбек Жания көмегімен алғашқы қоңырау соғылып оқушылардың және ұстаздардың ата-аналардың қошеметіне бөленді.Жиын сағат 10 да аяқталды. 1 сыныпқа келген оқушылар мектеп ауласына ағаш егу рәсімі өткізілді.