Бракераж жұмысының қорытындысы/ Пед.кеңес №2 » Сш им Гагарина
Жамбыл облысы
Жамбыл ауданы білім бөлімінің
"Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицей"
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
03
November
2023

Бракераж жұмысының қорытындысы/ Пед.кеңес №2

2023-2024 оқу жылында Юрий Гагарин атындағы мектеп лицейінде құрылған бракераж комиссиясының І тоқсанға жұмысы туралы анықтама

Юрий Гагарин атындағы мектеп лицейінде құрылған бракераж комиссиясы жұмыс атқарып келеді. Құрамында бекітілген ережеге сәйкес кемінде 3 ата-ана және мектеп әкімшілігінен құралған. Олар: Комиссия төрайымы: Юрий Гагарин атындағы мектеп – лицейінің директоры Д.Бегманова

ДТІЖО Д.Сатылганова

Әлеуметтік педагог Б.Сәрсембай

Медбике А.Жадыраева

Ата-ана комитетінің төрағасы А.Сазанбекова

Ата-ана А.Шапаева

Ата-ана Н.Сагынов 
Аталған комиссия мүшелері оқу жылының І тоқсанында, яғни қыркүйек, қазан айларында асхана жұмысын «Бракераж актісі» арқылы ережеге сәйкес екендігін және санитарлық талаптардық орындалуын тексеру ай сайын жүргізіп отырды. Қыркүйек айында тексеру кезінде талаптар орындалып жатқаны айтылды. Кемшіліктер  орын алды. Айта кетсек ұшы сынған ыдыстар анықталды. Аспазшыға ескерту беріліп дер кезінде ауыстыруына талап етілді және қоқыс шелектеріне белгі (таңбалау) қойылмаған. Аталған кемшіліктер дер кезінде жойылып отырды. Тоңазытқыш, сақтау бөлімдері қалыпты жағдайда тұрды. Қазан айында тексеру барысында алдынғы айдағы кемшіліктер қайталанбады. Санитарлық талаптар сақталған, нан сақтау бөлімдері және ыдыстар 1% пайыздық сірке суымен дезинфекцияланып тұрады. Асхана кезекшілері уақытылы келіп кезекшілігін атқарып жатыр. Асхана ас мәзірі бекітілген ас мәзірімен сәйкес келеді. Сынып жетекшілер оқушыларды уақытылы алып келеді. Қазан айында тексеру кезінде қоймаларда сақтау ережелері қаралды. Сақтау бөлімінің температурасы және ылғалдылығы қатаң бақылауда болуын ескере кетілді. Қабылданған тауарлардың сапасы қаралды. Асханада ҚР ДСМ -76 бұйрығына сәйкес мектеп асханасында сатылуға және берілуге тыйым салынған тағамдардың болмауын тексерілді. Аспазшылардың 2 ауысымды киімдерінің болуы және медициналық тексеруден өткендігі туралы құжаттары, уақыттары қаралды. 2 аспазшы қызметкерінің медициналық тексеруге уақыты жақындағаны анықталды және дер уақытысында өтуіне талап қойылды. Тоңазытқыштардың қалыпты температурада жұмыс істеуі тексерілді, кемшілік анықталмады. Сатылымда тұрған пісірмелі нандардың сертификаттарының болуы және сатылуға рұқсат қағаздары тексерілді, барлығында рұқсат қағаздары болды. Тексеру соңында комиссия мүшелері асханаға қанағаттанарлық деңгейде баға қойды.



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив