30
ноябрь
2019
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің "бастауыш сынып пəн бірлестігі" арасында жүргізілген "Білім басы-бастауыш" атты айлықта 3-4-сыныптар арасында "Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы-2019" байқауы өткізілді. Мақсаты: Байқауға қатысушылардың арасынан күз ханзадасы мен ханшайымын анықтау. Оқушылардың шеберлігін бақылау, байқауға деген қызығушылығын, ынтасын арттыру, табиғатты сүюге тəрбиелеу. Байқауға он жұп қатысып, бес кезең бойынша сынға түсті. Байқау барысында əр үміткер өздерін, үй тапсырмасына берілген қолөнер жұмыстарын таныстырды, күз көрінісіне сай сəн үлгісін көрсетті, білімдері сұрақ-жауап арқылы байқалды. Əділ қазылар төрелік еткен байқау нəтижесінде 4 "Ə" сынып атынан шыққан Болат Даниял мен Ертуған Айғаным "Алтын күз ханзадасы мен ханшайымы" атағына ие болды. Басқа қатысушыларға І, ІІ, ІІІ орындар мен номинациялар берілді. 


