ұстаздар күні
Жамбыл ауданы, Аса ауылы
Юрий Гагарин атындағы орта
мектебі мұғалімдер күнін
мерекелеуге арналған
іс –шаралар туралы мәлімет.
2016 оқу жылындағы мұғалімдер күнін мерекелеуге арналған іс –шара жоспары бекітілді.Жоспарды негізге ала отырып бұйрық бекітіліп атылмыш іс шара жоспары негізінде жұмыстар жүргізілді. «Ұстазыңды ұлықта» атты 17-20 қыркүйек айының аясында мектеп ішілік акция ұйымдастырылып оған жоғарғы сынып оқушылары қатыстырылды.Акция барысында жоғарғы сынып оқушылары төменгі сынып оқушыларына ұстаздардың мерекесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Оқушылар арасында «Менің сүйікті мұғалімім» атты бейне ролик байқауы ұйымдастырылды.Байқауға 6-7 сынып оқушылары қатыстырылып өз бейне роликтерін ұсынды байқау нәтижесі 7 «Б» сыныбының бейне ролигі ең үздік теліп танылды.
19-24 қыркүйек айында «Менің алғашқы ұстазым», «Мұғалім мектептің жүрегі» тақырыбында апталықтар ұйымдастырылды осыған орай мұғалімдер спорттық жарыстарға қатыстырылды әр сынып өздерінің сынып жетекшілерімен бірге спортық жарсықа қатыстырылды.
«Менің сүйікті ұстазым » тақырыбында 5-11 сынып оқушылары арасында үздік эссе,шығарма жазу байқаулары өткізілді өткізілу барысында мектептің қазақ тілі пән мұғалімдері атсалысып өздік терді анықтады.
26 қыркүйек күні мектеп ішілік мұғалімдер күніне арналған салтанатты жиын өткізілді 11 «Б» сыныбымен сынып жетекшісі Алпысбаева Іңкәрдің ұйымдастырылуымен өткізілді.Аталмыш іс-шара барысында мектеп мұғалімдерін мектеп директоры марапаттады. «Үздік сынып жетекші» болып математика пәнінің мұғалімі және 9 «В» сыныбының жетекшісі Кәрібаев Нұржан «Үздік спортшы» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Қилыбаев Айбар. «Үздік жас маман» дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Беркінбаев Ернұр, «Үздік бірлестік» болып бастауыш бірлестігі марапатталды. «Үздік бірлестік жетекшісі» болып тарих пәнінің мұғалімі Дайрабаева Жанар марапатталса аудандық кәсіп одақтың тарапынан құрмет грамотасымен директордың құқтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Саурықов Айтбек және алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі Алиев Пірімжан марапатталды.
Мектептің «Үздік мұғалімі»атағына 5000 теңгелік сертификат математика пәнінің мұғалімі Ольга Светлана марапатталды.Әрі қарай мектептің оқушылары келген ардагер ұстаздарға ізгі тілектерін білдіріп алғыстарын айтып мерекелік кештің көркін қыздырды,кеш соңын мектеп директоры С.Джигитекова қортыңдылап мұғалімдерді кәсіби мерекесімен құттықтады.
«Ұстаз – ұлы есім ! » тақырыбында бірыңғай ашық тәрбие сағаттары өткізілді.