08
ноябрь
2019
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
Ағымдағы жылдың 8 қараша күні Жамбыл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің қолдауымен Жамбыл облысы "Қазақстан студенттерінің Альянсы" жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде "Деструктивті діни ағымдардың зияны" атты тақырыпта 9-11 сынып оқушыларымен спикер Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлымен кездесу өтілді. Кездесудің мақсаты, жаһандық деңгейде әрекет ететін деструктивті ағымдардың ықпалымен күресу, діни сауатсыздықты болдырмау, бүгінгі қоғамды және келешек ұрпақты жат идеологиялардың кері әсерінен қорғау.
Ақпарат алмасудың әр түрлі заманауи тетіктерін шебер қолданатын деструктивті ағым идеологтарын оқу, хат алмасу, бейне және аудио материалдар арқылы радикалды көзқарастарды таратуда. Осындай шеттен келген теріс пиғылды күштердің ықпалына төтеп беруіміз керектігін нақты айтып, түсіндіру жұмысын жүргізді. Кездесу барысында, оқушылар сұрақтар қойып, оған жауап алынды.