18
октябрь
2019
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
Бүгін 18 қазан күні Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде "Жастар жылы" шеңберінде "TARAZ-TALKS" жобасы бойынша мектеп оқушыларымен спорт және спорт ардагерлерімен мотивациялық кездесу өтті. Жамбыл облысының тумасы өзіміздің жерлесіміз, ұлтымыздың мақтанышы Армрестлингтен Қазақстан Республикасының 3 дүркін чемпионы, Азия чемпионатының 5 дүркін чемпионы, Әлем чемпионатының 3 дүркін чемпионы Каримбаева Лаура Мәуленқызы. Бүгінгі кездесу барысында халықаралық дәрежедегі облысымыздың, еліміздің мақтаныштары, спорт жұлдыздарының өмір жолымен таныстырып, олардан үлгі алып, өнеге тұтуға шақырды. Кездесуді салтанатты түрде Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының "Ғылым-тәжірибелік дене шынықтыру орталығының" әдіскері Икежанов Артық Үкібайұлы және аға әдіскері Сүлейменкулов Медеу Тұрашұлы ашып берді. Оқушылар спортшыларымызға сұрақтар қойып, жауап алынды. Әсем әуендер шырқалды.


