10
ноябрь
2021
Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарына!
Құрметті ата-аналар.
Бала біздің болашағымыз. Бала тәрбиесінде мектеп пен отбасы ынтымақтастығы дұрыс жолға қойылса шешілмейтін мәселе болмайды. Кез келген мәселені мектеп ата - аналар болып бірге шешуіміз қажет. 21 ғасырда ақпараттық технология дамып бүгінгі таңда ұялы телефон өміріміздің ажырамас бөлігіне айналғаны сөзсіз. Дегенмен таяқтың екі ұшы бар сияқты интернеттің де адам денсаулығы мен психикасына зияны орасан зор болып отыр. Әсіресе балалар арасында ұялы телефонға деген тәуелділік күшеюде. Алдынғы жылдары мектеп оқушылары арасында түрлі жаман әдеттерге толы ойындар жүріп, жасөспірімдердің өміріне қауіп төндіргені бар. Міне биыл да балалар арасында «Кальмар ойыны» атты жаңа ойын түрін пайда болып отыр.
Бұл ойын жақында ғана жарық көрген кореялық "Кальмар ойыны" телехикаясы негізінде болып отыр. Қарызға белшесінен батқан 456 азаматтың қатысуымен болатын фильмде, адамдар әр ойын сайын қатыгездікпен өлтіріліп отырады. Әрбір эпизодтағы өлімнің түрлі сценарийлері әлеуметтік желілерде лезде трендке айналып отыр.
“Кальмар ойыны” телехикаясы баланың суицид жасауына себепші болуы мүмкін. Мамандар осылай деп дабыл қағып отыр. Аз уақытта көпшілікке танымал болған жобаның негізінде әлеуметтік желілерде түрлі хэштегтермен миллиардтаған видео тарап жатыр. Әсіресе оған мектеп балалары әуестеніп, қатыгездікке итермелейтін әрекеттерді қайталауы мүмкін.
Тикток пен инстаграмда да трендке айналған кино эпизодтары толы. Өлім сәттерін қайталуға тырысқан жастар желіде танымалдыққа ұмтылып жатыр.
Құрметті ата-аналар!
Сондықтан барлығымыз балаларымыз ұялы телефоннан не көріп жүр, қандай әлеуметтік желілерде бар, кімдермен дос болып жүр осының барлығын үнемі бақылауда ұстап, телефондарын үнемі қарап отыруларыңызды сұранамыз. Бала бойынан кез келген жаман қалықтар байқай бастасаңыздар бірден сынып жетекшісі мен мектеп әкімшілігіне хабар беріңіздер. Бала болашағы сіз бен біздің қолымызда құрметті ата-ана.
Мектеп әкімшілігі:
Мектеп тел. 4-19-32
Директордың құқық ісі жөніндегі орынбасары - Ботаев Өмірбек Ордабекұлы, ұялы телефоны - 87766409310
Мектеп психологі – Ямлиханова Рано Агиловна, ұялы телефоны - 87771265323