26
ноябрь
2021
Тарих пәні мұғалімі Рахметова Кенжегулдің ұйымдастыруымен Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша "Діни экстремизм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" атты тақырыпта 8"В" сыныппен тәрбие сағатын өткізді
Тарих пәні мұғалімі Рахметова Кенжегулдің ұйымдастыруымен Діни экстремизмнің алдын-алу бойынша "Діни экстремизм-бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп" атты тақырыпта 8"В" сыныппен тәрбие сағатын өткізді. Қазіргі заманда адамзаттың жаһандану мәселелерінің бірі экстремизмге қарсы күрес болып табылады. Діни экстремизм-діни артықшылық, діни алауыздық, жеккөрушілік, дінді саясаттандыру сияқты ең шеткі қисынсыз көзқарастары мен әрекеттері арқылы пайда болатын қоғамға қауіпті құбылыс болып табылады. Жастар арасында діни экстремизмнің алдын-алу шаралары бойынша жұмыс ең алдымен, өскелең ұрпаққа берілетін тәрбиемен ұштастырыла атқарылуы тиіс. Себебі бүгінгі жас буын ертеңгі елдің келешегін құратын, тізгініне ие болатын аға буынға айналмақ.
Показать перевод