патриоттық іс шара
10,11 сынып оқушылары бойында патриоттық сана қалыптастыру мақсатында өтілген тәрбиелік іс-шаралардың қорытындысы жайлы анықтама
Тәрбиенің заңдылықтарына сүйене отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие беру жүйесі " мектеп - отбасы - әлеуметтік ортаны" кіріктіре отырып, сабақ үрдісіндегі және сабақтан тыс уақытта, мектептегі оқушылардың бастамасы бойынша құрылған қоғамдық ұйымдар, қозғалыстар мен мектептен тыс тәрбие мекемелерде ұжымдық және жеке-дара тәрбие, отбасы және әлеуметтік ортамен тығыз байланыста жүргiзiлді.Біз, "Қазақстандық патриотизм", "ұлттық патриотизм", "патриоттық құндылық", "ұлтжандылық", "жалпы адамзаттық патриотизм" ұғымдарына берілген анықтамалар негізінде бүгінгі мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің мазмұны төмендегі тұрғыда қарастырылады: әрбір азаматтың өз Отанының тағдырына, қауіпсіздігіне, болашағына деген жауапкершілігін сезіну; мемлекет рәміздеріне, мемлекеттік тілге, тарихқа, мәдениетке құрметпен қарау; барлық отандастарды ұлты мен конфессиясына қарамастан, олардың салтын, дәстүрін, тарихы мен мәдениетін, тілін құрметтеу; елiмiздегi бейбiтшiлiкті, бiрлiк пен тәуелсiздiктi сақтау және әлемдiк дамудың тыныштық пен бейбiтшiлiкті сақтау үшiн барлық күш жiгерiн жұмсау. Ұлттық мәдениет пен өркениеттiк даму үрдiсiн өзара сабақтастыра отырып тұлғаның бойындағы патриоттық құндылықтарды қалыптастыру патриотизмді қатынастар жүйесі тұрғысынан - тұлғаның мемлекетке қатынасы (мемлекеттік рәміздер мен атрибуттардың ту, елтаңба, әнұран,т.б.) маңызын түсінуі, мемлекеттік тілді, тарихи-мәдени мұраларды, дәстүрлерді білуі және оған деген құрметі, өз мемлекетіне пайдалы іс-әрекеттер жасауға деген ұмтылысы); өз халқына қатынасы (халықтың негізгі менталитетін, құндылық бағдарын, патриоттық және ұлтжандылық көріністерін бағалай білуі, өз халқы үшін патриоттық іске бару қажеттілігін түсінуі); патриот ретінде өзіне-өзінің қатынасы (азамат ретінде құқығы мен міндеттерін білу, патриоттық сезімнің көрініс беруі) арқылы айқындалды.Аталған жайттарды назарға ала отырып мектептегі оқушыларға I жарты жылдықта өткізілген іс –шаралар «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы»1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңына,Қазақстан Республикасы президентінің «Мемлекеттік бағдарламасының тізбесін бекіту туралы »2010 жылғы 19 наурыз №957 жарлығына сәйкес және Тілдерді қолдану мен дамытудың 2016 2017 оқу жылына арналған іс шара жоспарын негізге ала отырып мектеп ішілік «Қазақстан халқы тілдер күні» мерекесіне арналған апталық өткізілді және жоспар жасалып бекітілді. Жоспарға сәйкес қыркүйек айының 14 нен бастап 23 қыркүйекке дейін апталық өткізілді.17 қыркүйек күні 1-11 сыныптар арасында «Тіл татулық тірегі » атты сынып сағаттары өткізілді. Г.Исабекова 7 «Б» сынып жетекшісі «Бір шаңырақ астында Мәңгілік Ел» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді.
19 қыркүйек күні К.Оңласын 8 «А» сыныбымен «Тіл дария» атты тақырыпта сыныптан тыс сабақ өткізілді.
20 қыркүйек күні Д.Танаева, С.Қоскелбаева мұғалімдерінің ұйымдастырумен 6 сыныптар арасында «Тіл рухани қазына » атты тақырыпта әдеби кеш ұйымдастырылды. «Менің Отаным - Қазақстан» атты тақырыпта мектеп ішілік 6-7 сыныптар арасында өзге ұлтардың тілдер фестивальі өткізілді.Аталмыш іс шараға мектептің оқушылары қатысып өз өнерлерін көрсетті.ұйымдастырушы сынып 7 Б сыныбы .
Юрий Гагарин атындағы орта мектебінде, арнайы комиссия мүшелері бекітіліп мектеп ішіндегі ту және елтаңба мен сынып кабинеттерінің ішіндегі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,Мемлекеттік Елтаңбасын және Мемлекеттік Гимнің дұрыс орналасуын қадағалау жұмыстары жүргізіліп түсіндірме жұмыстары кенінен насихатталды.Оқушылар арасында мемлекеттік рәміздерді кеңінен танымал ету жөнінде түсіндіру жұмыстары мектептің 5-8 сынып оқушылары арасында жүргізілді.
Осыған орай тарих пәнінің мұғалімдері Ж Дайрабаева және І Алпысбаева Е.Ермаханывтардың ұйымдастыруымен семинар өткізіліп Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын,Мемлекеттік Елтаңбасын кеңінен танымал болуы әсіресе жастар арасында рәміздерге деген құрметтің мәң мағынасы жоғары болуы тиістігі, семинар барысында оқушылар арысында талқыланып айтылды. «Көк тудың желбірегені » атты флешмоб ұйымдастырылды мектеп оқушылардың қатысуымен осыған орай мектептің 8-10 сынып оқушылары өз өнер көрсетті . «Мемлекеттік рәміздерге құрмет» атты Тарих пәнінің мұғалімі оқушыларға лездемеде баяндама оқып берді мемлекеттік рәміздерді құрметтеу және рәміздердің еліміз үшін ең басты құттылықтардың бірі екені жайлы жоғарғы сынып оқушыларына баяндама оқып берді.
<!-- [if !supportLists] --> 1. <!-- [endif] --> «Тәуелсіздік тынысы» атты жас суретшілер байқауы 5-7 сынып оқушылар арасында өткізілді бұл байқаудың мақсаты оқушыларға еліміздің құндылықтарымен жәнеде мемлекеттік рәміздерін құрметтей отырып сурет арқылы рәміздерге деген құрметтерін арттыру мақсатында ұйымдастырылды.Атылмыш байқау қорытындысы бойынша 5 «А» сынып оқушылар жүлделі бірінші орынды жеңіп алса екінші орынды 5 Б сыныбы мен 6 «Б» сыныбы жеңіп алды,жүлделі үшінші орынды 7 «Б» 7 «В» сыныптары жеңіп алған болатың.
<!-- [if !supportLists] --> 2. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы мектеп кітапханашысы көрме ұйымдастырылды осыған орай мектеп кітапханасына оқушылар өздеріне керекті мәліметтер алды.Көрме аясында оқушылар жаңа кітаптармен жаңа журналдармен танысып рәміздердің еліміз үшін маңыздылығы туралы көрме аясында оқушыларға түсіндірілді.
<!-- [if !supportLists] --> 3. <!-- [endif] --> Рәміздер мақтанышым атты тақырыпта 4 «Г» сынып жетекшісі Тәшімбетова Айгүл ашық тәрбие сағаттың өткізді .Тәрбие сағатында 4 сынып оқушылар белсене қатысып отырды.Оқушылар ән ұранның айтып берді және ту ел таңба авторларымен таныстырып өткізілді.
<!-- [if !supportLists] --> 4. <!-- [endif] --> «Менің рәміздерім » атты тақырыпта дөңгелек үстелі өткізілді мұнда оқушылар Қазақстан Мемлекетінің рәміздері туралы тереңнен мағлұмат ала отырып өз ойларын еркін жеткізіп еліміздің рәміздерін әр бір жастың қолдауы керектігі айтылды.
<!-- [if !supportLists] --> 5. <!-- [endif] --> «Сен мемлекеттік рәміздерді білесің бе ? » атты тақырыпта жоғарғы сыныптар арасында сауалнама алынды.
<!-- [if !supportLists] --> 6. <!-- [endif] --> Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мемлекеттік мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары жасалып бекітілді аталған іс - шараны негізге ала отырып мектеп ішілік іс-шара жұмыстары жүргізілді. Осыған орай мектеп ішінде Тұңғыш Президенті күніне арнайы бұрыш жасалып фильмдер қойылып көпшіліктің назарына ұсынылды.
23 мен 30 қараша аралығында мектептің кітапханашысы М.Иманқұлованың ұйымдастыруымен кітапханада Тұңғыш Президенті күні орай кітапхана көрмесі ұйымдастырылды.28.11.2016 жыл күндер қазақ тілі пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен шығарма байқауы өткізілді «Менің Президентім – менің мақтанышым» тақырыбында оқушылар арасында шығарма байқауы өткізіліп оған 8-9 сынып оқушылары қатыстырылды.Аталмыш шығармаға қатысып өз өнерлерін көрсеткен оқушыларды алғыс хаттармен марапатталды. 28.11.2016 жыл күндері Дене шынықтыру пәні мұғалімдері А Қилибаев Б.Жананбаев Н.Үсипбаев ұйымдастыруымен «Менің Президентім – менің мақтанышым» тақырыбында оқушылар арасында ұлттық ойынымыз асық ату жарысы 7-6 сыныптар арасында өткізілді
Тәуелсіздіктің 25 жыл толысуына орай мектепішілік іс-шаралар өткізілген болатың осы орайда мектепішілік іс-шараның өткізу үшін аудандық білім бөлімің жіберген жоспарын еске ала отырып жоспар құрылды.Жоспар бекітіліп тәуелсіздіктің 25 жыл толуына орай бұйрық жасалып бекітілді.Тәуелсіздіктің 25 жылдығын өткізу мақсатында мектепішілік байқаулармен ашық тәрбие сағаттары өткізілді.Жоспарға сай Тәуелсіздік - тұғырым !» тақырыбында көрме ұйымдастырылып жалғасын тауып оқушыларға тәуелсіздіктің 25 жылдығының тер еннен талқыланып көрсетіліп отырды. «Сен өз еліңнің патриоттысын ба?» атты дөңгелек стол мектеп оқушылары арасында Бекешова.Маржан қазақ тілінің мұғалімімен тарих пәнінің мұғалімі Ермаханов Бекжан ағайлардың өткізілген іс-шарасына мектептің белсенді оқушылары қатысып тақырып бойынша талқылап жұмыстар жүргізді.Аталмыш тақырып бойынша Тәуелсіздік жайлы кино фильмдер көрсетілді.оқушылар белсенді қатысып өз ойларын еркін жеткізе білді. Тәуелсіздіктің 25 жыл толуына орай мектеп оқушылар арасында Жайдарлы Жайдарман
«Тәуелсіз Қазақстан тарихы атты КВН жарыс өткізілді осы іс-шараға әр сыныптан командалар өз ара тартысқа түскен болатың жалпы мектеп оқушылар арасынан 6 команда шығарылып жарыс жолына шықты.