16
ноябрь
2019
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
15 қараша күні Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінің мәжіліс залында "Нашақорлық қауіпті індет,алдын алу міндет" атты тақырыпта семинар өтті. Елбасымыздың Қазақстан 2050 жолдауында көрсетілген өзекті маселелердің бірі салауатты өмір сүру, оны насихаттау мәселесі. Ондағы мақсатымыз- жат қылықтардан аулақ болуға тарбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Семинарға Жамбыл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы Қуаныш Бақытұлы жасөспірім балаларға қандай алдын алу іс-шаралары өтіліп жатқандығы жайлы айтып өтіп, семинарды ашып берді. Жамбыл АПБ-ның жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторы полиция капитаны Зиядинов Фархат Абдразакович заң жүзінде нашақорларға қандай шаралар қолданатындығы жайында түсіндірді. Жамбыл ауданы орталық емханасының нарология кабинетінің фелшері Қалисаева Шарипа оқушыларға нашақорлықтың зиянды жолдарын және оның түрлерін айтып өтті. Жамбыл ауданы Орталық емхананың салауатты өмір салтын қалыптастыру дәрігері Тоқсанбаева Аида Байырбекқызы нашақорлықтан емделудің қиын екендігі және өмірінің қысқа болатындығы жайында бейнебаян көрсетіп оқушыларға баяндама оқыды. Семинарға 8-9,10 сыныптар аралығындағы оқушылар қамтылды. 
