12
декабрь
2019
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
Ағымдағы жылдың 11 желтоқсан күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Дайрабекова Айман Назарқызы мен Үкібаева Гүлайна Сабырханқызының ұйымдастырумен "Үш бәйтерек, үш діңгек-Ілияс, Сәкен, Бейімбет" тақырыбында 5-7 сыныптар арасында үлкен іс-шара өткізді. Мақсаты: жасөспірімдерді "Үш бәйтерегіміздің" өмірбаяны мен шығармашылықтарымен таныстыру, көзі ашық, көкірегі ояу адамзат болуға тәрбиелеу, өз Отанын құрметтеуге, мәнерлеп оқуға баулу. XX ғасыр басындағы ақыл ойы, көрер көзі, қайтпас патриоттары болған, бүгінгі күні "Үш бәйтерек" аталып, қазақ әдебиетіне айтулы ақын, қарымды қаламгер, дарынды драматург ретінде үлкен үлес қосқаны, олардың қаламынан тамған шығармалары туралы бейнетаспалар көрсетілді. Мәнерлеп оқудан Ілияс, Сәкен, Бейімбеттің өлеңдерін оқушылар құштарлықпен жатқа оқып, қойылымдар мен көрініс көрсетті. Іс-шара өз деңгейінде өтті. Лучший өнер көрсеткен оқушылар дипломмен марапатталды.
