Өзін- өзі тану пәнінен " Махаббат және шығармашылық педагогикасы" атты он кундіктің ашылу салтанаты өтілді. Мақсаты : Білім беру жүйесінде балалардың адамгершілік - рухани танымын жетілдіру, оқушыларды мейірімділікке, достыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Бұл іс-шарада оқушыларға Сара Алпысқызының өмір баяны мен " Өзін-өзі тану" пәнінің маңызы түсіндіріліп, алдағы он күнде болатын іс-шаралардың жоспары таныстырылды.