25
март
2021
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2020-2021 оқу жылы
https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=490482692097103&id=100034061283251
БІР ТАЛ КЕССЕҢ, ОН ТАЛ ЕК!
Бүгін мектебімізде “БҰЛ МЕНІҢ АҒАШЫМ” акциясы ұйымдастырылды. Акцияны өткізудегі негізгі мақсаты - экологиялық ахуалды жақсарту, мектеп айналасын жасыл ағаштармен көмкеру, көркейту, гүлдендіру, қоршаған ортаға ұқыпты қарауға үйретумен қатар оларды еңбекке баулу.
Табиғатты қажетімізге мейлінше пайдаланумен бірге оны таза, көркем етіп сақтап қалу, бүгінгі ұрпақтың міндеті. Іске сәт!
Бұл іс-шараға мектебіміздің директоры
Д. Ә. Бегманова және ұстаздарымызбен 11сынып оқушылары 30 жеміс көшеті және 20мальва ағашын, ынта-жігерімен отырғызып жатты.
Бірі күрегін қолына алып, ағаш отырғызса, енді бірі шелегін алып, оған су құйып, қайнаған тіршіліктің үлгісін көрсетті.