26
сентябрь
2019
Юрий Гагарин мектеп-лицейінде 2019-2020 оқу жылы
Ю.Гагарин атындағы мектеп-лицейінде 24қыркүйек күні Білім бөлімінің бас маманы Қ.Бақытұлы және Дін істер басқармасының теолог мамандары, Б.Қ.Алпысбаев, Р.М.Абделиев аудандық ішкі саясат басқармасының бас маманы Н.Т. Смайловтың қатысуымен "Діни экстремизмнің қоғамға әсері және оның алдын алу жолдары" атты семинар өтті. Семинарға ауданымызға қарасты мектептердің құқық ісі жөніндегі орынбасарлары, дінтану пәнінің мұғалімдері және психологтар қатысты. Аталған іс-шарада діни адасқан топтар жайында айтылып, бейне роликтер көрсетілді. Қазіргі таңдағы жастардың басқа ағымға кетпеуі үшін алдын алу мәселелері туралы сөз қозғалды.
